ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Педагогикалық қайта даярлау – мұғалім мамандығына апарар жол


2025 жылғы 5 маусымда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қосымша білім беру факультетінің «Педагогикалық қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 12 түлекке педагогика әлеміне жол ашатын сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Бағдарлама 2024 жылдан бастап жүзеге асырылуда және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тізілімінде тіркелген.Бес айлық қайта даярлау курсы – жоғары білімі бар, бірақ педагогикалық жұмыс өтілі жоқ мамандарға мұғалім ретінде кәсіби мансапты бастауға мүмкіндік береді.Бағдарлама аясында тыңдаушылар Қарағанды облысының мектептерінде – университеттің базалық ұйымдарында педагогикалық тәжірибеден өтті. Тәжірибе жетекшілері Смирнова М.А., Мұхамеджанова А.О. және Жеңіс Г.Е. атап өткендей, студенттер жоғары жауапкершілік, бастамашылдық және адалдық танытты. Мектеп мұғалімдері мен тәлімгерлер олардың ынтасын, балаларға деген құрметін және кәсіби дамуға ұмтылысын жоғары бағалады.Қарағанды облысында педагогтерге деген сұраныстың қарқынды артуына байланысты бұл бағдарлама бүгінгі таңда аса өзекті! Педагогикалық қайта даярлау жастар үшін мансаптық өсудің жаңа мүмкіндігіне айналуда!