ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ МАГИСТР ТҮЛЕКТЕРІ

2 ақпан күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Ғылыми кеңестің мәжіліс залында қысқы бітіру легінің магистранттарына диплом табыстау салтанаты өтті.Бұл күн – білім мен еңбектің, ізденіс пен табандылықтың жемісі және дәл осы еңбектің нәтижесінде педагогика, физика-техникалық, филология, химия, философия және психология факультеттерінің түлектері оқуын сәтті аяқтап, жаңа өмір белесіне қадам басты.Салтанатты жиында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.М. Умуркулова биылғы түлектердің ұлттық университеттің алғашқы магистрлері екенін атап өтті. Ол бұл мәртебенің үлкен жауапкершілікке толы екенін жеткізіп, түлектерге зор сенім артты:«Бакалавриат – білімнің іргетасын қалаған алғашқы баспалдақ болса, магистратура – сол іргетастың үстінде бой көтерген терең білім мен ғылымның кемел шыңы. Сіздер – ұлттық мәртебеге ие университеттің алғашқы түлектері ретінде білім мен ғылымның жаңа бағытын айқындайтын буынсыздар».Түлектер атынан ризашылық сөзін «Журналистика» мамандығы бойынша магистр Айару Дәулет жеткізді. «Ұлттық университеттің алғашқы магистрлері — бұл тек студенттердің ғана емес, оқытушылар мен университет ұжымының ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Бүгінгі салтанатты күн ғылым мен білімге жасаған алғашқы сенімді қадамымыз, алдағы өмірімізде табыстар мен биік белестерге бастар жолдың бастауы деп білеміз».Барша түлектерді құттықтаймыз! Ақ жол!