Қазақстанда алғашқы тегін заңгерлік көмек көрсететін жасанды интеллект негізіндегі көмекші іске қосылды
Жасанды интеллект негізіндегі жүйе азаматтарға жұмыс берушімен болатын типтік мәселелерден бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы күрделі жағдайларға дейінгі заңдық сұрақтарды нақты уақытта шешуге көмектеседі.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен ItByDesign компаниясының IT мамандары Қазақстанда алғаш рет тегін онлайн-заңгерлік сервис — LegalExpert.kz жобасын іске қосты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.LegalExpert.kz жүйесін пайдалану өте оңай. Пайдаланушы сайтқа кіріп, электрондық пошта арқылы тіркеліп, өз сұрағын еркін түрде жазады — таныс заңгерге қалай айтса, солай. Жасанды интеллект сұранысты талдап, қажет болса қосымша сұрақтар қойып, бірнеше минут ішінде заң бойынша қадамдық нұсқаулықты, заң сілтемелерін, сот шешімдерінің мысалдарын және мәселенің ықтимал шешімдерін ұсынады. Қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, ал мәтіндер пайдаланушының құқықтық сауаттылық деңгейіне бейімделген.Жобаның авторлары LegalExpert.kz толыққанды заңгерлік көмекті алмастырмайтынын, бірақ еліміздегі заңгерлерге күн сайын түсетін типтік сұрақтарды шешуге көмектесетінін айтады. «Қазақстанда заңгерлік қызметтің бағасы 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін барады. Ал өтініштердің 70%-ы типтік мәселелер: жалақы төленбеуі, ажырасу, алимент, жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен даулар. Біз 100 мыңнан астам сот шешімдерін талдап, осындай жағдайларда тегін әрі жылдам көмек көрсете алатын жүйе жасадық. Енді әрбір қазақстандықтың қолында смартфон, планшет немесе компьютер арқылы қолжетімді заңгерлік көмекші бар», — дейді жоба авторларының бірі, Қарағанды университетінің профессоры Лариса Құсайынова.Қызмет ҚР қолданыстағы заңнамасының толық базасы, соңғы жылдардағы жүздеген мың сот шешімдері мен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары негізінде оқытылған. Осыған байланысты LegalExpert.kz заңдарды қарапайым тілде түсіндіріп қана қоймай, соттарда осындай істер қалай қаралғанын, қандай құжаттар қажет екенін және қандай тәуекелдер бар екенін көрсете алады.Жоба кең аудиторияға бағытталған: азаматтар — тегін және жедел кеңес алады, кәсіпкерлер — құқықтық тәуекелдерді кез келген уақытта тексере алады, ал жас заңгерлер — тәжірибені талдауға арналған қуатты құралға ие болады.Пилоттық жоба Қарағанды облысында іске қосылды, бірақ сервис барлық қазақстандықтар үшін ашық — тек Legalexpert.kz сайтына тіркелу қажет. Читать статью на сайте Kazpravda.kz