2026 жылғы 21 сәуірде Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия КММ-де педагогикалық практика аясында тарих факультетінің 4-курс студенті София Фром 11-сыныпқа Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша кіріктірілген сабақ өткізді (тарих пәнінің мұғалімі — В. А. Юшкина, кафедрадан практика жетекшісі — Мырзахметова А.Ж.)
Сабаққа академиялық мәселелер жөніндегі проректор М. М. Умуркулова қатысты.
Гимназия мен университет арасындағы ынтымақтастық көп жылдан бері жалғасып келеді, соның ішінде археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының филиалы форматында да жүзеге асырылып отыр. Тәжірибелі педагогтер мен әдіскерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандарды даярлауға елеулі үлес қосуда.
Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия КММ әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына педагогикалық практиканы ұйымдастыруға қолдау көрсеткені, ынтымақтастыққа ашықтығы және студенттердің кәсіби қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Асель Жанатовнаға, оның студенттері мен магистранттарына болашақ кәсіби қызметке дайындықтың күшті және проблемалық тұстарын бірлесіп талқылауға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.


