PhD докторы, Молекулярлық нанофотоника институтының аға ғылыми қызметкері, физика-техникалық факультетінің «Физика және нанотехнологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Селиверстова Евгения Владимировнаны «Үздік зерттеуші — 2023» премиясын алуымен құттықтаймыз! Евгения Владимировнаның зерттеу саласындағы негізгі бағыты — конденсацияланған күй физикасы саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер және төмен молекулалық жүйелердегі электрондық процестердің динамикасын зерттеу. Зерттеу нәтижелері органикалық фотоэлектронды материалдарды әзірлеу және күн батареялары мен фотокатализдық жүйелерді жасауда пайдаланылады. Евгения Владимировна, сіз көп күш пен уақытты, табандылық пен жігерді жұмсадыңыз. Сізді лайықты марапатталуыңызбен үлкен мақтанышпен құттықтаймыз!