ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Жаңа 2026 жыл қарсаңында Студенттер сарайында мерекелік кеш өтті. Бұл басқосу өткен жылдағы жүйелі еңбектің қорытындысын түйіндеп, ортақ мұрат пен жауапкершілікті айқындады. Салтанатты кеште университет ректоры Н.О. Дулатбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол университеттің өткен жылдағы жетістіктеріне тоқталып, бұл табыстар ұжымдық ынтымақ пен жүйелі еңбектің жемісі екенін атап өтті. «Өтіп бара жатқан жыл біз үшін жемісті әрі берекелі болды. Ұжымдық ынтымақ пен бірлескен еңбек арқасында университетіміз жаңа биіктерге көтерілді. Жаңа жыл — жаңаша ойға, батыл бастамаларға жол ашатын сәт. Алдағы уақытта да осы сенімді бағыттан айнымай, білім мен ғылым саласында орнымызды одан әрі нығайтамыз. Баршаңызға мықты денсаулық, қажырлы еңбек, шығармашылық шабыт және әр шаңыраққа амандық тілеймін!» Кеш аясында университеттің оқу, ғылыми және қоғамдық өмірінде белсенділігімен ерекшеленген оқытушылар, қызметкерлер мен студенттерге құрмет көрсетілді. Еңбегімен дараланған азаматтарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Мерекелік кештің шарықтау шегі концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде жаңа жылдық әндер шырқалып, ұлттық нақыштағы және заманауи би қойылымдары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар қатысушылар арасында сыйлықтар ойнатылып, барлығы ерекше көңіл-күймен, шаттыққа бөленіп қайтты