ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Білім берудегі психологиялық аспектілер: жаңа тәжірибелер мен тәсілдер»

2025 жылдың 28-30 сәуірі аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Akylbaev Research Center базасында «Білім берудегі психологиялық аспектілер: жаңа тәжірибелер мен тәсілдер» тақырыбында маңызды тренинг өтуде.Тренингтің мақсаты - психологиялық тұрақтылықты нығайту, эмоционалдық интеллектіні дамыту, және ең алдымен, өзін, әріптестерді және білім алушылармен қарым-қатынас, қолдай алатын тұлға қалыптастыру.Тренингтен не күтуге болады:Күнделікті тәжірибеде қолдануға болатын қарапайым өзін-өзі реттеу техникалары;Өз эмоциялары мен ойларын саналы түрде басқару дағдылары;Қарым-қатынастың жаңа тәсілдері — ашықтық, өзара құрмет және шиеленіссіз өзара әрекеттесу.Тренер — Суиндыкова (Рахметова) Айгүл Жеңісбекқызы, халықаралық деңгейдегі психолог-психотерапевт, Виктор Франкл атындағы Еуропалық институттың (Вена) аккредиттелген маманы, Қазақстан Психологтар одағының сарапшысы.Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық білімдер, өзіне деген сенімділік, және педагогтар, психологтар, психологиялық даму орталықтарының әкімшілігі мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамына арналған даму жолын растайтын республикалық деңгейдегі сертификатқа ие болады.Тренинг ИРН BR24992828 бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында өткізіліп жатыр.раммно-целевого финансирования ИРН BR24992828