ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҮШІН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

2025 жылғы 19 желтоқсанда Астана қаласында Huawei компаниясының ұйымдастыруымен өткен қорытынды іс-шарада еліміздің 50 жоғары оқу орны арасындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бағытындағы Huawei академияларының жұмысы қорытындыланды.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Huawei АКТ Академиясы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, екінші жыл қатарынан «Best Performance Academy» номинациясы бойынша жүлделі 3-орын иеленіп, TOP-3 үздік АКТ академия қатарына енді. Университетте қызмет етіп тұрған АКТ Академия арнайы марапат қағазы және кубокпен марапатталды.Сонымен қатар, еліміз бойынша 70-тен астам инструкторы арасынан Радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Huawei АКТ Академиясының инструкторы Тусупбекова Айнұр Қайыржанқызы үздік 7 инструктор қатарына енді.Бұл жетістіктер – университет базасындағы Huawei АКТ Академиясы мен Академиялық жұмыс департаментінің бірлескен жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.Цифрлық білім мен IT саласындағы мұндай табыстар – университетіміздің дамуындағы маңызды қадам!