Қосымша білім беру факультеті мен шетел тілдері факультеті Педагогикалық шеберлік мектебі аясында 2025 жылдың 20-25 қаңтар аралығында онлайн форматта 36 сағаттық «Сапалық зерттеу әдістеріне кіріспе» біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.Курс лекторлары – PhD докторы, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Китибаева Альфия Каныбековна және филология ғылымдарының магистрі, шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Абеуова Айжан Муратовна – курста зерттеулерді жобалаудың кезеңдері, сұхбат алу және бақылау жүргізу техникалары, мәліметтерді талдау және нәтижелерді интерпретациялау сияқты негізгі тақырыптарды қарастырды.Курс қатысушылары сапалы мәліметтермен жұмыс істеудің базалық техникаларын меңгеріп, зерттеу жобаларын құрылымдауды үйренді және өздерінің оқыту мен ғылыми қызметіне сапалы әдістерді енгізу бойынша жаңа идеялар алды.53 оқытушыға, магистранттарға және докторанттарға сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.Айта кетейік, біліктілікті арттыру курсы университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен өткізілді. Осылайша, университет басшылығы кадрлық әлеуметті дамытуға арналған мұндай дайындықтың зерттеу университетінің міндеттерін сәтті шешудегі маңыздылығын көрсетіп отыр.