"ЖАС ҒАЛЫМ – VII"Республикалық студенттік ғылыми конференциясы
2025 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласында Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ – VII» Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті. Конференция Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Назарбаев университетінің 15 жылдығына арналды. Аталған ғылыми іс-шара «ХХІ ғасыр білім-ғылым кеңістігіндегі Абай феномені» тақырыбы аясында жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын насихаттап, олардың ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталды.Осы беделді конференцияға Қарағанды университетінің философия және психология факультетінің студенттері де белсенді түрде қатысып, мазмұнды баяндамаларымен ерекше көзге түсті.Конференция аясында әлеуметтік өзектілігі жоғары мәселелерді қозғаған ғылыми баяндамаларымен студенттеріміз - Саттар Бірғаным, Бердіғали Әсел, Жолдыбек Нұрлыбек, Ибраимова Арайлым қатысып, жаңашыл және өзекті зерттеу жұмыстарымен ғылыми қауымдастықтың назарын аудартты. Студенттердің ғылыми жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, ғылыми жетекшілік еткен оқытушыларымыз: философия және мәдениет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры- Манасова Мира Манасқызы, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр - Аманбаева Данагүл Сейдіғазықызы, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр- Ахметова Индира Әбдіғазымқызы. Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасы 2 курс студенті-Жолдыбек Нұрлыбек – «Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша арнайы марапатқа ие болды.Конференция жас зерттеушілерге ғылыми әлеуетін дамытып, тәжірибе алмасуға, өз саласында кәсіби бағдарын нақтылауға үлкен мүмкіндік берді.Факультет ұжымы атынан студенттер мен ғылыми жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!