ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған түлектерді жас мамандарды бөлу жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады

Биыл университетімізді 3480 түлек бітіріп, оның 1517і міндетті түрде жұмыспен қамтуға жатады.

Бүгін комиссиның кезекті отырысы өтті. Отырыс модераторы, комиссия төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жүсіпбек Талғат Зыпарбекұлы болды. Сондай — ақ отырысқа комиссия мүшелері Смайылова Салима Аблаевна — академиялық жұмыс департаменті директорының м. а., Байкенжина Шынар Тәкенқызы — заң басқармасының басшысы, Гаголина Светлана Викторовна — академиялық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Исбекова Әйгерім Әуезқызы- Мансап бөлімінің басшысы қатысты.

Түлектер алдында сөйлеген сөзінде Жүсіпбек Т. З. «Мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылады. Біздің түлектеріміз бөлінген жұмыс орнында тәжірибе, кәсіби қажетті дағдыларға ие болатынына сенімдімін. Қай салада еңбек етсеңіздер де құзыретті, бәсекеге лайық маман ретінде жақсы қасиеттерді бойларыңызға жинаңыздар. Жауапкершілігі мол, еңбекқор жастар- еліміздің болашағы! Сәттілік тілеймін!» деп жылы лебізін білдірді.

Түлектерді бөлу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жалғасады.