ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бүгін Қарағанды Бөкетов зерттеу университетінің баспа ұжымы ректор Н.О.Дулатбековпен кездесті. Баспахана қызметкерлері өз жұмыстарын көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Баспа директоры М.В. Кобинаның айтуынша, университеттегі баспа-полиграфиялық қызмет оқу үдерісін білім берудің барлық түрлері бойынша оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, басылымдық белсенділікті арттыру, оқытушылардың ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу үшін қызметтік құжаттаманы басып шығару және жоғары сапалы полиграфиялық өнімдерді дайындау міндеттерін іске асырумен тікелей байланыстығылыми әлеуетті дамыту міндеттерін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Университет баспасы полиграфиялық өнімдерді баспаға дейінгі дайындау бойынша көптеген жұмысты жүзеге асырады, атап айтсақ, университеттің ғылыми басылымдарын, оның ішінде «Қарағанды университетінің хабаршысы» журналын (9 серия) түзету, баспа МемСт сәйкестігіне техникалық редакциялау жұмыстарын жүзеге асырады, оқу және ғылыми басылымдар, буклеттер, мекенжай папкалары, сертификаттар, дипломдардың дизайнын әзірлейді. Университеттік іс-шараларды өткізу үшін тақырыптық баспа өнімдері шығарылады. Меншікті материалдық-техникалық база негізінде университет рәміздері бар 4000-нан астам қатты диплом мұқабасы дайындалып, жоо түлектеріне арналған дипломдар мен қосымшалар басып шығарылды. Университет баспасы М. Сәрсекенің «Біртуар Бөкетов» кітабын беттеу және корректорлық жұмыстарын жүргізуде көп жұмыс атқарды, сондай-ақ: «Тереңге тартқан тамырын» филология факультетінің оқытушылары туралы кітап; «Сарыарка в историческом пространстве Евразии» халықаралық конференциясының материалдар жинағы, «Ceramic vessels of the Bronze Age» фотоальбомы жарық көрді. Баспаның жылдық өндірістік қуаты 100 мыңнан астам баспа табағын құрайды. Соңғы төрт жылда полиграфиялық жабдықтар паркі жаңартылды. Кітапшалау техникасы, түптеу-ламинаттау машинасы, таралымы көп түрлі-түсті басылымдарға арналған көпфункционалды құрылғы, сым тігін машинасы сатып алынды. 2025 жылы минутына 100 А4 бет немесе айына 700 мың бедерге дейінгі жылдамдықпен таралымы шағын басылымдарды шығару үшін КФҚ сатып алу жоспарлануда.