ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖОО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ


2025 жылғы 7 сәуірде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің конференц-залында Ректор мен М.К.Жүнісова бастаған Кәсіподақ белсенділерінің кездесуі өтті.Күн тәртібінде университет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бағытындағы кәсіподақ ұйымының жұмысы қаралды.М.К.Жүнісова Қарағанды университеті кәсіподағының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды. Онда кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелеріне атаулы материалдық көмек көрсету, университет дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм сезімін тәрбиелеуге, мәдениет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыс, тыл еңбеккерлеріне материалдық қолдау көрсету сияқты мәселелер қозғалды.Кездесуде қаралған маңызды мәселелердің бірі — қызметкерлердің денсаулығын нығайту мен жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға мұқтаж профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерге атаулы материалдық көмек көрсету болды.М.К.Жүнісова кәсіподақ жарналарының едәуір артқанын атап өтті. 2020 жылмен салыстырғанда жарналар 35 миллион теңгеге өскен. Бұл төрт жылдан астам уақыт ішінде университет қызметкерлері мен оқытушылардың жалақысының айтарлықтай өсуімен байланысты.Кәсіподақ жарналарынан жиналған 63 миллион теңгеден астам қаражат жазғы демалысты ұйымдастыруға, материалдық көмек пен әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларға жұмсалды.М.К.Жүнісова 2021 жылдан 2024 жылға дейін университеттің оқытушылары мен қызметкерлері «Саялы», «Салма-Караван», «Мойылды», «Бурабай» Республикалық сауықтыру орталығы, «Жетісу», «Ақжайық», «Таштермал», «Кяпаз», «Балқаш», «Манкент», «Дубай» сияқты санаторийлер мен демалыс аймақтарында болғанын атап өтті.Университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамын әлеуметтік қорғауға бағытталған кәсіподақ комитетінің жұмысы жалғасуда…