ТЕННИС САЙЫСЫ
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы жалғасуда.Педагогика факультетінің спорт залында өткен сайысқа университет ұжымының әртүрлі бөлімдері мен факультеттерінен командалар қатысып, өзара тартысты бәсекеге түсті. Жарыс барысында ойыншылар ширақ қимылымен, дәл соққыларымен және жеңіске деген жігерімен көзге түсті.Сайыс қорытындысында әйелдер арасында ректорат командасы бірінші орыннан көрінді. Филология факультетінің командасы екінші орынды иеленсе, химия факультетінің командасы үшінші орынды қанжығалады.Ерлер арасында дене шынықтыру және спорт факультетінің командасы қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңімпаз атанды. Экономика факультетінің командасы екінші орынды иеленсе, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы жүлделі үшінші орынға табан тіреді.
