Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні туралы айтқанда, 1985 жылдан бастап бүгінге дейін Сарыарқа археологиялық институтында ғылыми қызметкер болып жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі ғалым, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археологы – Усманова Эмма Радиковнаның есімін атамай кетуге болмайды. Ғалымның ғылыми-зерттеу бағыты: қола дәуірінің ғұрып-салттары, Еуразия даласының ежелгі тұрғындарының киімдері, Алтын Орда дәуіріндегі ғибадатханалар мен жерлеу кешендері. Ол 150 ғылыми мақала мен 6 монографияның авторы және тең авторы. Көптеген ғылыми жобалар мен халықаралық бағдарламалардың қатысушысы, кәсіби және ғылыми біліктілігін үнемі дамытуда: Карнеги музейінде (Питтсбург, АҚШ, 2004), Оксфордта (Ұлыбритания, 2004) тағылымдамадан өтті, консервациялау және музейтану бойынша тренингке қатысушы (Хиросима, Жапония, 2005 ж.) «Мәдени мұраны сақтау» бағдарламасына ТМД елдерінен барған жалғыз өкіл (АҚШ, 2009), «Тарихтан бұрынғы дәуірдегі Азия даласындағы бақташылық пен жылқыны қолға үйрету» жобасының қатысушысы (Эксетер университеті, Ұлыбритания), қола дәуіріндегі ежелгі халықтың ДНҚ-сын зерттеу бойынша халықаралық жобаның кураторы (Копенгаген университеті, Данияның табиғи тарих музейі, Биогенетика орталығы (Дания), Кон-Тики мұражайы (Норвегия). Еуропалық археологиялық қауымдастығының Халықаралық еуразиялық археологиялық конгрестері мен конференцияларының тұрақты қатысушысы (FICEA Измир, 2007; EAA Стамбұл, 2014; Вильнюс, 2016; Маастрихт, 2017; Барселона, 2018, Рим 2024). Эмма Радиковнаның музейтану ісіндегі тәжірибесі мол: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ археология және этнография музейі экспозициясының авторларының бірі, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, СулайманТоо музей-қорығының (Ош, Қырғызстан), «Ұлытау» музей-қорығының экспозицияларының авторы. 2015 жылы музей қызметі саласындағы белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР ұлттық комиссиясы жанындағы Қазақстан Дүниежүзілік мұра Ұлттық комитетінің мүшесі болды. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш.Ш. Уәлиханов сыйлығының лауреаты (2020). Үздік зерттеуші ретінде Scopus Awards халықаралық сыйлығының жеңімпазы (2023). Эмма Радиковна жұмысын жән-тәнімен беріліп істейді, жаңа идеяларды ойлап тауып, өз ісіне шығармашылық көзқараспен қарайды. Бүгінгі таңда ғалым ғылыми қоғамдастықта дүниежүзілік деңгейде мойындалды, оның h-индексі ең жоғары мәндерінің біріне, яғни 15-ке тең (Scopus дерекқоры).