2024 жыл қорытындысы бойынша университеттік журналдардың Scopus-тағы жетістіктері
📊 Қарағанды университетінің ғылыми басылымдарын 2024 жылғы Scopus дерекқорының жаңартылған нәтижелері бойынша ғылыми-метрикалық көрсеткіштерінің өсуімен шын жүректен құттықтаймыз!📈 Bulletin of the Karaganda University – Mathematics Series журналы General Mathematics санатында 53-процентильге жетіп, CiteScore көрсеткіші 1.4 болды.🔬 Eurasian Physical Technical Journal журналы General Engineering (26-процентиль), General Energy және General Physics and Astronomy (25-процентиль), сондай-ақ General Materials Science (18-процентиль) санаттары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.🌍 Eurasian Journal of Chemistry журналы General Chemistry санатында 17-процентильге енді.📈 Өткен жылмен салыстырғанда барлық үш басылым өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл жетістіктер – редакциялық алқалар жұмысының жүйелілігі, авторлардың ғылыми үлесі және рецензенттердің кәсіби еңбегінің нәтижесі.🎉 Журналдарымыздың мұндай көрсеткіштері университеттің ғылыми қауымдастығының бірлескен еңбегін және қазақстандық ғылымның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын дәлелдейді.