ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«AI-SANA» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ HUAWEI ПЛАТФОРМАСЫНДА СӘТТІ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

2025 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрінің хаттамалық шешімін іске асыру мақсатында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің білім алушылары «Ai-Sana» инновациялық бағдарламасы шеңберінде АКТ академиясының Huawei платформасында «Жасанды интеллектің базалық мүмкіндіктері» курсын оқып, аяқтады. Бүгінгі таңда 13 577 білім алушы сертификат алып үлгерді. Аталған жұмысты іске асыру үшін физика-техника факультетінің базасында қызмет ететін АКТ академиясының инструкторлары мен еріктілері айтарлықтай көмек көрсетіп, білім алушылармызға әдістемелік қолдау көрсетті. Бүгін академиялық Кеңестің кезекті отырысында Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Умуркулова Мадина Максимовна инструкторлар мен еріктілерді Басқарма төрағасы — Ректордың алғысхатымен марапаттап, ризашылығын білдірді.