ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СӘТТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНУЫ

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Қосымша білім беру факультетінің педагогикалық қайта даярлау бағдарламасының тыңдаушыларына педагогикалық қызметті жүзеге асыруға құқылы екендіктерін растайтын бекітілген үлгідегі сертификаттар табысталды. 2025–2026 оқу жылының қыркүйек–қаңтар аралығында математика, информатика, физика, химия, бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау бағыттары бойынша қайта даярлау бағдарламасын 43 тыңдаушы сәтті аяқтады. Оқу үдерісі барысында тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтті. Бағдарлама түлектерінің басым бөлігі бүгінде орта білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметке орналасып, кәсіби жолын жалғастыруда. Аталған нәтижелер педагогикалық қайта даярлау бағдарламасының жоғары сұранысқа ие екенін, оның практикалық бағыттылығын және кәсіби қауымдастық тарапынан тұрақты сенімге ие екенін айғақтайды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бағдарламаның екінші — қысқы легі жүзеге асырылуда. Бұл педагогикалық қайта даярлау курсына деген қызығушылықтың тұрақты екенін және оның білім беру жүйесі үшін маңыздылығын көрсетеді. Қайта даярлау бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық тыңдаушыларға кәсіби табыс, таңдаған мамандығына адалдық пен педагогикалық қызметте шығармашылық шабыт тілейміз.