Бөкетов университетінің Студенттер сарайында Халықаралық волонтерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға 12 факультеттің волонтерлік ұйымдары мен «Біз бармыздың» волонтерлері қатысты. Ректор Нұрлан Дулатбеков құттықтау сөз сөйледі. 2 жыл бұрын университетке «Ең мейірімді жоғары оқу орны» атағы берілгенін еске түсірді. Волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарды ілгерілету, ынталандыру үшін ең белсенді волонтерлар Ұлттық волонтерлік желінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, студенттермен бірге танымал әнші Мәди Ахметқожа өнер көрсетті.