2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Низами атындағы ұлттық педагогикалық университетінің (Өзбекстан) бес оқытушысының сапары өтуде:- Нуркелдиева Дильбар Ахмадовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, арнайы педагогика және инклюзивті білім беру факультетінің деканы;- Урунова Захро Низамитдиновна – сурдопедагогика және арнайы педагогиканың клиникалық негіздері кафедрасының меңгерушісі;- Аюпова Мукаррам Юлдашевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, логопедия кафедрасының профессоры;- Ахмедова Зухра Мирзабековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, логопедия кафедрасының доценті;- Адилова Нойба Марифовна – сурдопедагог, сурдопедагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының доценті.Сапар аясында оқытушылар педагогика факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сабақтар өткізеді, сондай-ақ арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи әдістер мен тәжірибелерді зерделеу үшін мамандандырылған мектептерге барады.27 мамырда университет ректоры Н.О. Дулатбековпен нәтижелі кездесу өтті, онда ынтымақтастықты кеңейту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен жақын болашаққа арналған жоспарлар белгіленді.