ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

МАГИСТРЛЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ


Осы жылдың 4 ақпанында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің магистратурасына 2023 жылы қыста қабылданған 48 түлекке салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Магистрлер биология-география, педагогика, физика-техникалық, химия, математика және ақпараттық технологиялар, философия және психология, дене шынықтыру және спорт факультеттерінің білім беру бағдарламалары бойынша оқыды. Салтанатты шараға Басқарма мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, университеттің жетекші профессорлары мен оқытушылары, түлектердің ата-аналары мен туыстары қатысты. Ректор Н. О. Дулатбеков дипломдарды табыстау рәсімін аша отырып, өз сөзінде университеттің аса маңызды жетістіктерін атап өтті. Олардың ішінде университетке «зерттеу» мәртебесінің берілуі, халықаралық және ұлттық деңгейде жоғары рейтингтік позицияларға қол жеткізу, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту, жаңа және инновациялық, оның ішінде бірлескен/қос дипломды білім беру бағдарламаларының ашылуы. Ректор диплом тапсыру рәсімінің соңында магистрлерге ғылыми салада жаңа жетістіктер тілеп, алға қойған жоспарларының сәтті жүзеге асырылуына, таңдаған мамандығы бойынша мансаптық биіктерді бағындыра алатындарына сенім білдірді. Түлектер атынан гуманитарлық ғылымдар магистрі Б. Жұман сөз сөйлеп, университеттегі оқу үдерісінің жоғары сапасын, студенттердің дамуына барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті.