Философия және психология факультеті, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының «6В11401-Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы 2 курс студенттері Саттар Бірғаным, Мейрамбек Аружан және Тулепова Аружан Неджметтин Эрбакан университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуда. Неджметтин Эрбакан университеті Ректоры, профессор, доктор Джем ЗОРЛУ Erasmus+ бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастық, оқу және тәжірибелік алмасу мақсатында Қазақстан мен Украинадан келген шетелдік студенттер ретінде жеке қабылдауында болды.