12 ақпанда Қарағанды Бөкетов университетінің 7 корпусында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай іс-шара өтті. Әскери оқиғаларға қатысушылар мен соғысты өз көзімен көргендер саны жыл сайын азаюда. Сондықтан да осы күні университетімізге Қарағанды қаласы мен облыстың «Ардагер» Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тынымбаев Қайрат Иранұлы мен оның қарулас жолдастары – Гильмидинов Санир Гильмаханович пен Ақпаров Амангелді Тұрсынұлының келуі есте қаларлық оқиға болды.Кездесу барысында ерлер арасындағы достық қасиеті анық байқалды. Қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, шара соңында қатысушыларға бейбіт аспан, істеріне сәттілік пен амандық тіледі.Бұл оқиғаларды ардагерлерге құрмет көрсету үшін ғана емес, патриотизм мен ерлік сабақтарын алу үшін де есте сақтаған абзал. Соғыс – қайғы-қасірет пен қираған тағдырлар. Осыны түсінген болашақ ұрпақ бейбіт өмірді бағалап, өткен қателіктерді қайталамайды деп үміттенеміз.