2023 жылдың 30 қыркүйегінде университетіміздің Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасының өкілдері Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің түлектерімен, оқытушыларымен кездесті.
Кездесу барысында педагогика факультетінің деканы п.ғ.д. С. Муликова түлектерге факультет кафедраларының жүзеге асырып жатқан білім беру бағдарламалары туралы баяндады. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. С.Одинцова кафедраның шешірелі тарихы бар екенін айта келе, білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамының құзыреттілігі, университетте кәсіби өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасалғаны туралы хабардар етті.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде педагогика факультетінің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы кафедра оқытушылары Г.Отыншина, В. Мусина, А.Гранкина , 2 курс магистранты В.Чилякова, 4 курс студенті О.Королева баяндап, тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында бейнеролик көрсетіліп, корпус бойынша экскурсия өткізілді. Университетіміздің басымдықтары, ерекшеліктері жайында айтылды. Колледж түлектеріне академиялық ұтқырлық, университетте білім алушыларының мәдени, ғылыми-зерттеу, спорттық, қоғамдық өмірге қатысуы туралы, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережелері туралы, сондай-ақ "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы туралы ақпараттық буклет таратылды.
Іс-шара соңында түлектердің сұрақтарына жауаптар берілді. Ақпаратты, пайдалы кездесу өтті.