2025 жылдың 17 сәуір күні Орал қаласында 6В02202-Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада “Салтанат сарайында” ұйымдастырылып, Қазақстанның әр өңірінен келген жоғары оқу орындарының үздік студенттерін бір арнаға тоғыстырды.Аталған білім бәйгесіне келесі жоғары оқу орындары қатысты: • Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті • Атырау университеті • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетіОлимпиада жоғары деңгейде өтті. Студенттер дінтану саласындағы білімдерін теориялық және практикалық тапсырмалар арқылы көрсетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.Топтық сайыс нәтижесінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің командасы І орынды жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі: философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Байбосунов Досым Берікбайұлы. Бұл жеңіс – студенттердің жоғары дайындық деңгейі мен оқытушылар еңбегінің жемісі.