ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДЫ ТАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРДЫҢ САБАҚТАРЫ

2026 жылғы 27 қаңтар мен 23 ақпан аралығында философия және психология факультетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында сабақтарды Николай Александрович Головин – социология ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) социология факультетінің әлеуметтану тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры жүргізеді.Николай Александрович Головин – теориялық социология, әлеуметтену социологиясы және ұрпақтардың саяси әлеуметтенуі саласындағы танымал маман. 2006 жылы социология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі, ал 2008 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 1990 жылдан бастап ол Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің социология факультетінде қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде диссертациялық кеңестің төрағасы, сондай-ақ социология бойынша бакалавриат пен докторантураның білім беру бағдарламаларының ғылыми жетекшісі сияқты бірқатар маңызды академиялық және басқарушылық қызметтерді атқарған.Профессор Головиннің халықаралық академиялық қызметте мол тәжірибесі бар. Ол Германияның жетекші университеттерінде, соның ішінде Берлин Еркін университетінде, Хаген қашықтан оқыту университетінде, Билефельд университетінде, Гёттинген университетінде және Магдебург университетінде бірнеше рет ғылыми тағылымдамадан өтіп, дәрістер оқыған. Сондай-ақ Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен шетелдік университеттер арасындағы академиялық алмасу бағдарламаларына қатысқан.Профессор Николай Александрович Головиннің сабақ өткізуі философия және психология факультетінің халықаралық академиялық ынтымақтастығын дамытуға және ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.