2 мамыр күні академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде Өзбекстанның Самарқан қаласындағы шет тілдер мемлекеттік институты делегациясының ғылыми тағылымдамасының аяқталуына арналған салтанатты шара өтті.Академиялық шараларға, кездесулер мен тәжірибе алмасуға толы апта аяқталды. Салтанатты кездесуде тағылымдамаға қатысушыларға халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін университет символикасы бейнеленген сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Бірлескен жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі — өңірлік «Ortalyq Qazaqstan» басылымында жарияланған мақала.