ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Шаттық»
театр-драма студиясы

Студия тарихынан: студия 1997 жылы Студенттер сарайының базасында студенттерді театр және көркем шығармашылыққа баулу мақсатында құрылды. Студияның негізін қалаушылар – Қазақстан Республикасының халық әртістері, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актерлері Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев пен Әсия Бозайқызы Аблаева. 2002-2004 жылдары студияны әртіс, театр режиссері, ҚР «Мәдениет қайраткері», қазіргі К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының жетекшісі Дунай Амандықұлы Еспаев басқарды.

Бейіні: студияның репертуарында қазақстандық және шетелдік жазушылардың көркем шығармаларына негізделген сахналық миниатюралар, қойылымдар, спектакльдер бар.

Жетекшілері: Қожамбаева Гүлден Талғатқызы, Масалим Еламан.

Жетістіктері:«Шаттық» театр-драма студиясы аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.


«Шаттық» студиясының қатысуымен бейнелер

Академик Е.А. Бөкетовтің 90 жылдығына арналған спектакль

Әз Наурыз құтты болсын!



Шығармашылық клубтар


«Жарқын» халық би ансамблі

«Сарын» халық фольклорлық ансамблі

«Жастар» эстрадалық ән айту студиясы

«Гаудеамус» вокалдық-хор студиясы

«Шаттық» театр-драма студиясы

«Шабыт» ақындар клубы

Көркем сөз студиясы

Заманауи би студиясы

Спорттық бал би студиясы

«Лица» сән театры

Көңілді тапқырлар клубы

«Жайдарман» клубы