ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

2 КУРС ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

2024 жылдың 17 наурызы мен 16 сәуірі аралығында Цифрлық экономиканы зерттеу институты (директоры – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.В. Ташенова) және маркетинг кафедрасымен (кафедра меңгерушісі – э.ғ.к., профессор Д.Г. Мамраева .) Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің базасында (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы) «Экономика» мамандығы бойынша 2 курс докторанттары Муканов А.Л. және Кулжамбекова Б.Ш. (ғылыми жетекшілері: Мамраева Д.Г., Ташенова Л.В.) үшін ғылыми тағылымдама ұйымдастырылды.

Сондай-ақ шетелдік кеңесшілермен кездесу өткізіліп, жұмыс жүргізілді. Шетелдік кеңесшілер:
• Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Өнеркәсіпті басқару, экономика және сауда институты Жоғары инженерлік-экономикалық мектебінің профессоры — Бабкин Александр Васильевич
• Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Өнеркәсіпті басқару, экономика және сауда институты Өнеркәсіпті басқару жоғары мектебінің профессоры — Калинина Ольга Владимировна

Тағылымдама бағдарламасы іс-шараларға толы болды, докторанттар⤵️
✔ аймақтағы өндірістік кәсіпорындарды аралады
✔ ️белді ғалымдардың дәрістерін тыңдады
✔ ️университеттің ғылыми кітапханасында жұмыс істеді
✔ ️докторант Муканов А. «Машина жасаудағы экономика және менеджмент» мамандығының студенттеріне —️ «Цифрлық экономикаға кіріспе» тақырыбында дәріс оқыды.

Тағылымдама нәтижесі бойынша докторанттарға сертификаттар, ал ғылыми жетекшілерге жоғары білікті кадрларды дайындау саласындағы табысты ынтымақтастық үшін алғыс хаттар табысталды!
Докторанттарды тағылымдамадан сәтті өтуімен құттықтаймыз!