ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


«Қолданбалы химия» ғылыми-зерттеу орталығы ҚарМУ ректорының 12.09.2019 жылғы №1267 «Университеттің ғылыми бөлімшелерін оңтайландыру туралы» бұйрығымен «ФХЗӘ» ИБЗ құрамынан дербес құрылымдық бөлімше түрінде бөлек шығарылып, бейорганикалық химия, электрохимия, қолданбалы органикалық химия, химиялық физика саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ашылды.

Ғылыми-зерттеу орталығының құрылымына 1 зертхана кіреді.

Директоры: химия ғылымдарының докторы, профессор Е.С. Мустафин, h-index Web of Science – 3, ResearcherID: AAF-5953-2020, h-index Scopus – 3, AuthorID: 7004703281, ORCID ID: 0000-0001-9450-9227.

Байланыс деректері: 8(701)3064391 эл. пошта edigemus@mail.ru

Негізгі ғылыми бағытықолданбалы маңызы бар химияны зерттеу, технологиялық тәсімдер мен әдістемелерді әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы химиялық-технологиялық процестерді жетілдіру.

Міндеттері:

бейорганикалық химия, плазмохимия, электрохимия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

– ғылыми қызмет бейіні бойынша мамандарды – бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын даярлау.

Ғылыми бағыттар:

плазмохимия;

– электрохимия;

– электрогидроимпульсті разряд;

– жол жабыны технологиясында пайдаланылатын битумды жетілдіру және түрлендіру;

– техникалық көміртекті және синтез-газды алу үшін көмірсутек шикізатын қайта өңдеу.

Ғылыми байланыстар:

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ;

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің «Химия-металлургия институты»;

«Нұра-Сарысу қоршаған ортаны қорғау департаменті»;

«Қазатомпром» АҚ;

«Қарағанды экомузейі»;

«Дорстройматериалы» АҚ;

«Уральская производственная компания» ЖШҚ (РФ, Екатеринбург қ.);

Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті (РФ, Екатеринбург қ.);

Томск зерттеу политехникалық университеті және Томск мемлекеттік университеті (РФ, Томск қ.);

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚР);

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Институт қызметкерлері:

п/п

ТАӘ, лауазымы

Ғылыми дәрежесі, атағы

ORCID ID

Web of Science (ResearcherID)

Scopus AuthorID

Research Gate

Google Scholar

Publons

1

Е.С.Мустафин, директор

Х.ғ.д., профессор

0000-0001-9450- 9227

AAF-5953-2020

7004703281

-

Mustafin, E. S.

ID

AAF-5953-2020

2

Х.Б. Омаров,

бас ғылыми қызметкер

Т.ғ.д., профессор

0000-0003-2931-652X

U-6155-2018

55227185700

Omarov Kh.B

ID

U-6155-2018

3

А.М. Пудов,

аға ғылыми қызметкер

Б.ғ.к., доцент

0000-0002 - 0566-6890

AAF-5978-2020

55227539800

-

Pudov A.M

ID

AAF-5978-2020

4

А.С. Борсынбаев,

кіші ғылыми қызметкер

PhD докторанты

0000-0001-7709- 5552

AAG-6539-2020

57211226530

Askhat Borsynbayev

ID

AAG-6539-2020

Ғылыми-технологиялық жабдық:

1. Benchtop pH Meter PHS-25CW/3BW ион өлшеуіші;

2. PH-950 кондуктометрі;

3. BK-PT2 автоматты потенциометриялық титраторы;

4. SC-5A сұйықтық термостаты;

5. Дискілі ұсақтауыш.

Іске асырылатын жобалар:

1. «Тау-кен және металлургия өндірістерінің құрамы өте төмен кендері мен калдықтарынан электрохимиялық процестерді және гидроимпульсті разрядтау энергиясын (ГРЭ) қолдана отырып мысты және басқада түсті металдарды бөліп алу технологиясын жасау»

2. «Асфальтбетон жабындарының пайдалану мерзімін арттыру үшін модификациялаушы және тұрақтандырғыш қоспалар алу технологиясын жасау»;

3. «Ауыл шаруашылығы қалдықтарынан синтез- газ алу үшін плазмохимиялық қондырғы жасау».

4. «Жаңа технологиялар мен сүзгіш элементтерді пайдалану негізінде кәсіпорындардың ағынды суларын тазартудың модульдік автоматты қондырғыларын жасау желісін құру»