ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


Қолданбалы математика институты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 1098 бұйрығымен ұйымдастырылған.

Қолданбалы математика институты «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Директор: Орумбаева Нұргүл Тұмарбекқызы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

E-mail: OrumbayevaNurgul@gmail.com

 

Қолданбалы математика институтының құрылымы:

- математикалық физика теңдеулер зертханасы;

- модельдер теориясы зертханасы;

- қолданбалы логика зертханасы;

- дифференциалдық теңдеулер зертханасы.

 

Қызмет бағыты:

  • ғылыми және білім беру қызметі: ғылыми қызмет саласындағы мамандарды, атап айтқанда бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын даярлау;
  • баспа қызметі: монографияларды, оқу әдебиеттерін, Scopus және  Web of Science дерекқорында индекстелген шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялар материалдарында ғылыми мақалаларды жариялау;
  • жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар: «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер», «Профессор Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия», «Математика және информатиканы оқыту әдістемесі», «Қолданбалы математика және информатика» кафедраларының негізінде зерттеу нәтижелерін апробациялау;
  • инновациялық қызмет: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
  • ұйымдастырушылық қызметі: қазіргі және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу;
  • кеңес беру қызметі: студенттерге, оқытушыларға және ғылыми қызметкерлерге ғылыми зерттеулердің әдістемесі бойынша ғылыми-консультативтік қолдау көрсету, ғылыми жұмыстарды қарастыру.

 

Ғылыми байланыстар:

Universite Claude Bernard Lyon-1, Villeurbanne, France;

Bahcesehir University, Istanbul, Turkey;

Abu Dhabi University, Abu Dhabi, UAE;

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қ., Ресей;

РҒА Кабардин-Балқар ғылыми орталығының қолданбалы математика және автоматтандыру институты, Нальчик қ., Ресей;

РҒА С. Л. Соболев атындағы математика институты, Новосибирск қ., Ресей;

Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан;

Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының В. И. Романовский атындағы математика институты, Ташкент қ., Өзбекстан;

Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей;

Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының математика институты, Бішкек қ.;

Цифрлық үкіметті қолдау орталығы, Астана қ;

Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ.;

Назарбаев Университеті, Астана қ.;

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.;

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.;

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ.

 

Институт қызметкерлері:

Жоқ.

б/б

Аты-жөні, лауазымы

Ғылыми дәрежесі, атағы

ORCID идентификаторы

Зерттеуші идентификаторы

(ғылым желісі)

AuthorID (Scopus)

1

Орумбаева Н.Т.,

директор

физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

0000-0003-1714-6850

AAC-6441-2020

57192194581

2

Рамазанов М.И., математикалық физика теңдеулері зертханасының меңгерушісі

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

0000-0002-2297-5488

U-8583-2018

13906494700

3

Ешкеев А.Р.,

модельдер теориясы зертханасының меңгерушісі

Физика-математика ғылымдарының докторы

0000-0003-0149-6143

U-6268-2018

35786898900

4

Космакова М.Т.,

дифференциалдық теңдеулер зертханасының меңгерушісі

PhD, қауымдастырылған профессор

0000-0003-4070-0215

AAN-8009-2020

56368167200

5

Ульбрихт О.И., қолданбалы логика зертханасының меңгерушісі

PhD

0000-0002-3340-2140

U-6228-2018

57193349139

6

Омаров М.Т.,

инженер

Магистрант

-

-

-

7

Манат А.,

кіші ғылыми қызметкер

PhD докторанты

-

-

-

 

 

Іске асырылудағы жобалар:

1. AP09259780 «Псевдопараболалық теңдеулер үшін шеттік есептер және ілесетін Вольтерраның ерекше интегралдық теңдеулері» (2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов М.И.

2. АР09260237 «Косемантика кластары және олардың модельдер кластары» (2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Ешкеев А.Р.



 

Конференциялар

 

  1. Actual problems of mathematics, mechanics and informatics. Proceedings of the International Scientific Conference dedicated to the 80th anniversary of Professor T.G. Mustafin September 8–9.