ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Әдеп жөніндегі кеңес


Әдеп жөніндегі кеңес еңбек тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, корпоративтік әдеп кодексін, университеттің академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Академиялық, лауазымдық, еңбек құқықтарыңыз бұзылған, ұжымда жанжалдар туындаған жағдайларда Кеңеске жүгіне аласыз. Жазбаша өтінішті университеттің Кеңсесі , office@ksu.kz корпоративтік e-mail-ы арқылы немесе сайттағы «Кері байланыс» бөліміне (Ректор, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор блогы, ) кіру арқылы беруге болады.

Кеңес құрамына университеттің кәсіподақ төрағасы, студенттер өкілдері, Заң басқармасының бастығы, персоналды басқару және әкімшілік-басқару персоналының өкілдері кіреді. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор.

Кеңес құрамы университеттің Басқарма төрағасы – ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Кеңес қажеттілікке қарай шақырылады.


Ағымдағы жылға Кеңес құрамын қарау

Ағымдағы жылға Кеңес құрамы

1. М.Ж. Сыздықов – Басқарма мүшесі, әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі проректор, Кеңестің төрағасы
2. С.С. Сагинтаева – Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Кеңестің мүшесі
3. А.С. Молдабаев – Басқарма мүшесі, әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор, Кеңестің мүшесі
4. Т.М. Хасенова – Академиялық жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы, Кеңестің мүшесі
5. А.Т. Төлеубеков – Қызметкерлерді басқару басқармасының басшысы, Кеңестің мүшесі
6. В.И. Олейник – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы, Кеңестің мүшесі
7. Ш.Т. Байкенжина – Заң басқармасының басшысы, Кеңестің мүшесі
8. С.С. Қасымов – Ғылым департаментінің директоры, Кеңестің мүшесі
9. М.К. Жунусова – кәсіподақ комитетінің төрайымы, Кеңестің мүшесі
10. А.С. Рахимов – философия және психология факультетінің магистранты, Кеңестің мүшесі
11. Н.С. Жумжумаев – Заң басқармасының заңгер маманы, Кеңестің хатшысы


Сенім телефоны 8 (7212)356-339