28 қараша күні Шетел тілдер факультетінде студенттердің мейірімі мен бірлігін көрсеткен «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Университет ректоры Н. О. Дулатбековтің айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттердің мейірімді, белсенді әрі игі істер жасауға дайын екенін айқын көрсетеді.
«Біздің университет тек ұлттық және ғылыми мәртебеге ие емес. Сонымен қатар бізде ерекше бір атақ бар — «Қазақстанның ең мейірімді университеті». Бұл мәртебені біз шамамен үш жыл бұрын алдық, және мен шын жүректен сенемін, ол біздің басты жетістіктерімізбен тең бағалануға лайық. Құрметті достар, жақсылық жасаудан жалықпаңыздар, игі істерге белсенді араласыңыздар. Бүгін әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, ортақ ізгілікке бірлік сыйлайық», — деді ректор.
Жәрмеңкеде үйде дайындалған тәттілер мен сусындар, қолөнер бұйымдары, кітаптар және басқа да өнімдер ұсынылды. Келушілер үшін кіші кинотеатр, боулинг және дартс ойыны, ойын бөлмесі, суретке түсуге арналған алаң, шеберлік сабақтары және демеушілердің сыйлаған лотереясы ұйымдастырылды.
Жиналған қаражат Түлеубаева Лаураға бағытталады. Оған нейрогендік қуық дисфункциясын емдеу үшін күрделі медициналық емшара- спинальды стимуляция қажет.Студент жастар барлығы 1 миллион 700 мың теңге жинады.