Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жетекші шетелдік зерттеушілерді шақыру жұмысы аясында 2025 жылдың 10 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында химия факультетінде ИТМО Университетінің Инфохимия ғылыми-білім беру орталығының(Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы), «Есептік химия» кафедрасының доценті, топ жетекшісі, х.ғ.к. Александр Сергеевич Новиковтың қонақтық дәрістері өтеді. Новиков Александр Сергеевич – химиядағы компьютерлік модельдеу және машиналық оқыту саласындағы маман, Web of Science және Scopus жетекші журналдарында (соның ішінде Nature Communications, JACS, Angewandte Chemie) 380-ден астам ғылыми жарияланымдары және Google Scholar мәліметтері бойынша 7500-ден астам дәйексөздері бар ( Web of Science бойынша Хирш индексі = 47және ScopusбойыншаХирш индексі = 48).Александр Сергеевич Новиковтың «Кванттық химиялық есептеулер: реактивтілік, катализ, ковалентті емес әрекеттесулер» курсы бойынша сабақтары онлайн және офлайн режимінде өтеді, соның ішіндехимиялық реакциялардың механизмдерін, олардың кинетикасы мен термодинамикасын зерттеу үшін кванттық химиялық есептеулерді қолдану және химиялық қосылыстар мен олардың супрамолекулалық ассоциатарының ковалентті емес әрекеттесулерін зерттеу;химиялық қосылыстардың кристалдық құрылымдары негізінде Хиршфельд беттеріне талдау жүргізу; химиялық қосылыстардың спектрлік сипаттамаларын модельдеу.Жалпы, Александр Сергеевич Новиковтың қонақтық дәрістері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері мен ғылыми қызметкерлеріне есептік химия саласында білімдерін тереңдетуге, осы саладағы соңғы жетістіктермен танысуға және Университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға тамаша мүмкіндік береді.