ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАРАҒАНДЫ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ “ҰЛТТЫҚ” МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді.Университет Қазақстан Республикасындағы үздік көпсалалы оқу орындарының қатарында. 2015 жылдан бастап QS World Universities Rankings әлемдік рейтингісіне, Webometrics және QS Asia халықаралық рейтингтеріне кірді. Ал халықаралық Webometrics рейтингінде Қазақстандағы 127 жоғары оқу орнының ішінде үздік ондыққа кіреді. Бүгінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті еліміздегі 18-ші ұлттық университет атанды. Қазақстандағы ұлттық университет мәртебесі – білім мен ғылым саласында жетекші екенін мойындау, сонымен қатар жоғары сапалы білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуға жол ашатын ерекше мәртебе.Ұлттық университет мәртебесін алу – бұл университет ұжымының білім мен ғылым сапасын арттыруға бағытталған көпжылдық еңбегіне берілген лайықты баға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті нығайтып, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосу үшін алдағы уақытта да табанды еңбек етуді талап ететін үлкен жауапкершілік.