ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖАҢА ҒАСЫР КӨШБАСШЫЛАРЫ


20 мамыр күні академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабырғасында ерекше бір атмосфера орнады. Осы күні ұлы ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдығына арналған алғашқы жастар сыйлығы — «BUKETOV LEADER — 2025» марапаттау рәсімі өтті.
Бұл шара өз еңбегімен, қайырымды істерімен және жеке үлгісімен тек қатарластарына ғана емес, оқытушыларға да шабыт сыйлайтын ең белсенді, дарынды және мақсатшыл студенттерді біріктірді.
Әр аталым студенттік өмірдің түрлі қырын — спорт, волонтерлік, ғылым, өнер мен тәлімгерлікті көрсетті. Бүгінгі кештің жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Бұл марапаттар тек еңбектері үшін ғана емес, сонымен қатар олардың ұстанған құндылықтары үшін берілді.
«Ең үздік жастар ұйымы» — «Біз бармыз» волонтерлік орталығы. Орталық 100 000 теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды.
«Жыл спортшысы» — Шалабай Данияр, Дене мәдениеті және спорт факультетінің 4-курс студенті (100 000 теңге).
«Жыл есімі» — Макеев Виталий, Дене мәдениеті және спорт факультетінің 3-курс студенті (100 000 теңге).
«Жыл таланты» — Анық Ақпейіл, Шет тілдері факультетінің 2-курс студенті (100 000 теңге).
«Жыл волонтері» — Жахин Жасұлан, Дене мәдениеті және спорт факультетінің 4-курс студенті (100 000 теңге).
«Үздік пікірсайысшы» — Шәдібек Ажар, Химия факультетінің 3-курс студенті (100 000 теңге).
«Жас ғылым» — Мұхтарова Айдана, Шет тілдері факультетінің 4-курс студенті (100 000 теңге).
«Ең үздік студенттер үйі» аталымы бойынша:
1-дәрежелі диплом — № 1 жатақхана (100 000 теңге)
2-дәрежелі диплом — № 2 жатақхана (75 000 теңге)
3-дәрежелі диплом — № 7 жатақхана (50 000 теңге)
Университеттің мақтанышына айналған спортшылар алғысхаттармен, кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
Дүйсенбаев Ақжол — дзюдодан 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын (200 000 теңге)
Жакашов Айбек — дзюдодан 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын (200 000 теңге)
Алтаев Ұлан — дзюдодан 90 кг дейінгі салмақта 3 орын (100 000 теңге)
«Ең үздік жас куратор» арнайы аталымы теория және шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Алдабаева Гүлнұр Жанболатқызына табысталды (100 000 теңге).
Сонымен қатар, Химия факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Исина Жаннұрға және Шет тілдері факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ералинова Торғын Елемесқызына 50 000 теңге көлеміндегі сертификаттар және алғысхаттар берілді.
«Ең үздік медиа-клуб» аталымы Buketov PR Team командасына берілді (50 000 теңге) — университет өмірін жарқын әрі шабытты медиажобалар арқылы көрсеткені үшін.
Кештің шарықтау шегі — «BUKETOV LEADER — 2025» басты марапатының табысталуы болды. Бұл атаққа Мерейлі Жақсылық ие болды — Қарағанды облысының студенттік омбудсмені, Қазақстан студенттері альянсының көшбасшысы, «ALGA QADAM» клубының негізін қалаушы және «Esbol gory» жобасының өңірлік үйлестірушісі. Ол — жаңа ғасырдың нағыз студенттік көшбасшылығын бейнелейтін тұлғ
а
!