ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Студенттерге кофе дайындау бойынша мастер класс


Неджметтин Эрбакан университеті Халықаралық байланыстар жөніндегі Бас үйлестіру басқармасы мен Туризм факультетінің Кофе шеберханасы Erasmus+ бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастық, оқу және тәжірибелік алмасу мақсатында Қазақстан мен Украинадан келген шетелдік студенттерге арнайы іс-шара ұйымдастырды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатқан философия және психология факультеті, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының «6В11401-Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы 2 курс студенттері Саттар Бірғаным, Мейрамбек Аружан және Тулепова Аружан осы шараға қатысты. Туризм факультетінің құрамындағы Кофе шеберханасында өткен воркшопта Туризм бизнесі бөлімінің оқытушылары профессор, доктор Джейхун Жан Өзжан және доцент, доктор Мустафа Жүнейт Шапжылар студенттерге кофе мәдениеті, дайындау әдістері және бариста дағдылары бойынша тәжірибелік шеберлік сабағын өткізді.Іс-шара барысында студенттер кофенің тарихы, дән түрлері, қуыру әдістері және кәсіби кофе дайындау техникалары туралы жан-жақты мәлімет алып, эспрессо негізіндегі сусындарды әзірлеу, түрік кофесін дайындау және ұсыну, сүтті көбіктендіру әдістері мен латте-арт жасау секілді дағдыларды меңгерді.Университетаралық білім беру және мәдени алмасуды қолдайтын осындай іс-шаралар арқылы шетелдік студенттердің академиялық және әлеуметтік дамуына үлес қоса бермек.