«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫ: САПА, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ»
«Қазақстанның ғылыми журналдары: сапа, басқару және халықаралық интеграция» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар2026 жылдың 20 қаңтарында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Жоғары білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен бірлесіп, Қазақстанның ғылыми мерзімді басылымдарының даму бағытына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – ғылыми журналдардың сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шешімдерді ортаға салу, редакциялық саясаттың халықаралық талаптарға сай қалыптасуын талқылау және қазақстандық ғылыми басылымдардың әлемдік ғылыми ақпараттық кеңістікке кірігу тетіктерін айқындау.Семинар жұмысы бірнеше мазмұнды бағытты қамтыды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы ғылыми журналдардың сапа стандарттары, аналитикасы және халықаралық көрінімділігі» тақырыбында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, сондай-ақ ғылыми журналдарды дамытудың заманауи тәжірибелері мен тиімді стратегиялары кеңінен талқыланды.Бұдан бөлек, «Экономика саласындағы ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелері: тәжірибе мен құралдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Ғылыми пікірталас алаңына жетекші сарапшылар, қонақ спикерлер, отандық ғылыми журналдардың бас редакторлары, сондай-ақ еліміздегі академиялық коммуникацияның сапасын арттыруға мүдделі ғалымдар мен сала өкілдері қатысты.Семинардың бағдарламасы, материалдары және спикерлері туралы толық ақпарат арнайы бетте қолжетімді:
https://buketov.edu.kz/seminar/
