2025 жылдың 28 қарашасында педагогикалық факультеті Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып облыстық бейіндік жобасына қатысушы мектептер мен педагогикалық колледжердің білім алушылары арасында облыстық педагогикалық олимпиада өткізді.
Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының неғұрлым белсенді және дарынды білім алушыларын, сондай-ақ колледж білім алушыларының пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, олардың кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын анықтау және қолдау болып табылады.
Барлығы 91 өтініш қабылданды, бұл кәсіби-педагогикалық бағытқа жоғары қызығушылықтың бар екенін көрсетеді. Қатысушылардың географиясы өңірдің барлық дерлік аумағын қамтыды: өз командаларын Балқаш, Приозерск, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалалары, сондай-ақ Қарқаралы, Осакаров, Шет, Нұра, Ынталы және Абай аудандарының білім алушылары және облыстың басқа да аумақтары ұсынды. Мұндай кең ауқымды қатысу олимпиаданың маңыздылығын және болашақ педагог кадрларды даярлаудағы оның рөлін айқын көрсетеді.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – қатысушылар «Менің мұғалім мамандығы туралы ойларым», «Менің қалауым – «Мұғалім болу», «Мұғалім – мамандық немесе өмірлік ұстаным?» тақырыптарында эссе жазды.
Екінші кезең - бір дұрыс жауабы бар сұрақтар қарастырылған және жалпы педагогика бойынша сұрақтарды қамтитын тест тапсырмаларын орындау.
Үшінші кезең – «Мұғалім - болашақты құрушы адам» тақырыбындағы презентация.
Олимпиадаға қатысушыларды келесі құрамдағы тәуелсіз құзыретті қазылар алқасы бағалады:
- комиссия төрайымы - С.К.Абильдина, п.ғ.д., бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессор-зерттеушісі;
- комиссия төрайымының орынбасары - Т.Г.Нартова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыты бойынша комиссия мүшелері:
- М.А.Мукушева, п.ғ.м., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы;
- А.З.Мухамедьярова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы;
- Б.К. Шаушекова, п.ғ.к., Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Жалпы орта білім беру бағыты бойынша комиссия мүшелері:
- А.О. Мухаметжанова, п.ғ.к., Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры;
- А.К.Тусупбаева, п.ғ.м., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ педагогика, психология пәндерінің оқытушысы;
- А.К.Шадетова, п.ғ.м., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы.
Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тілде:
1 орын – Ақмағанбетова А., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
2 орын – Дәрібай Г., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық- техникалық колледжі» КМҚК;
3 орын – Әділмұрат Ж., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыты бойынша орыс тілінде:
1 орын – Бочарников А., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
2 орын – Клевцова Д., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;
3 орын – Каткова К., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық- техникалық колледжі» КМҚК; Болотских Е., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК; Грудачева А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Жалпы орта білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тілде:
1 орын – Нұржанқызы Н., Жарлы ауылының «№10 Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
2 орын – Заурбек Н., Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп -гимназиясы» КММ; Маханбетхалиева Ж., Теміртау қаласы білім бөлімінің «9 лицейі» КММ; Задаева А., Қарағанды қаласы, «82 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Сағындық Т., Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ; Кариев Ж., Теміртау қаласы, «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Қанат К., Қарағанды қаласы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ; Жантілеу А., Ақтоғай ауылы, «Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты» КММ.
Жалпы орта білім беру бағыты бойынша орыс тілінде:
1 орын – Назарко Р., Теміртау қаласы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
2 орын – Канназарова А., Абай ауданы, «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицей» КММ;
3 орын – Виноградова А., Теміртау қаласы, «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Линник М., Осакаров ауданы, Сенокосное ауылы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табысталады.