ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«8D04104 – Маркетинг» докторантура білім беру бағдарламасы


Экономика факультетінде, маркетинг кафедрасы негізінде «8D04104 – Маркетинг» докторантурасының білім беру бағдарламасы ашылды!Білім беру бағдарламасының мақсаты – маркетинг саласында инновациялық үлгілерді әзірлей алатын және күрделі нарықтық үдерістерді басқара алатын, сондай-ақ өз әлеуетін іске асырып, озық маркетингтік стратегияларды бизнеске, ғылымға және мемлекеттік басқаруға интеграциялауға қабілетті жоғары білікті, құзыретті зерттеушілерді, кәсіби мамандар мен көшбасшыларды даярлау.Білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде докторант:- ағылшын тілінде академиялық жазу дағдыларын меңгереді;- маркетингтің өзекті міндеттерін шешу үшін заманауи ғылыми-зерттеу әдістерін қолданады;- инновациялық білім беру технологияларын енгізе отырып, педагогикалық және зерттеу практикасын ұйымдастырады және жүргізеді;- жылжыту стратегияларының тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, маркетингтік экожүйелер мен платформалық шешімдерді талдайды және енгізеді;- кешенді маркетингтік талдау мен предиктивті модельдеу құралдарын меңгереді, сондай-ақ қазіргі экономика жағдайында нарық конъюнктурасын бағалау және маркетингтік қызметті стратегиялық жоспарлау үшін экономикалық-математикалық модельдеу мен болжауды қолданады.Оқу түрі – күндізгі, оқу мерзімі – 3 жыл.Магистратура түлектерін «8D04104 – Маркетинг» докторантура бағдарламасында білімін жалғастыруға және ғылыми қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырамыз!