ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ
«Академиялық форсайт: көшбасшылық стратегиялары және білім беру инновациялары – 2026» қысқы мектебі аясында 2026 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде негізгі жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Басқосуға «№ 66 мектеп-лицейі» КММ, Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған облыстық мектеп-лицейі-интернаты, Қарағанды қаласының КМҚП «Жұлдыз» бөбекжайы, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, «Экоэксперт» ЖШС, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" КММ, «Қазақтелеком» АҚ және басқа да ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Жиын ашық диалог форматында өтті. Іс-шара барысында жұмыс берушілер жоғары оқу орны түлектеріне қойылатын талаптар мен еңбек нарығында сұранысқа ие негізгі құзыреттер мен кәсіби дағдыларды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және студенттердің практикалық даярлығын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.



