ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Оқытушылардың біліктілігін арттыру: «Жалпы және теориялық физиканың өзекті мәселелері» курсы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қосымша білім беру факультеті физика-техникалық факультетімен бірлесе отырып, «Жалпы және теориялық физиканың өзекті мәселелері» тақырыбында профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру курсын сәтті жүзеге асырды. Оқыту 80 академиялық сағат көлемінде аралас форматта (онлайн/офлайн) ұйымдастырылды.Курстың мақсаты – қазіргі заманғы физика саласындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру. Курс барысында классикалық механика, термодинамика, кванттық механика және басқа да бөлімдердегі заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен шешімін таппаған мәселелер қарастырылды.Курс тыңдаушылары цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті қолдану тәсілдерімен танысып, ғылыми этика мәселелері мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылады.Курстың ерекшелігі – тыңдаушылардың практикалық және зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы болды: аналитикалық және жобалық тапсырмаларды орындау, әдістемелік шешімдер әзірлеу, ғылым мен білім берудегі этикалық мәселелерді талқылау.Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы университеттің білім беру сапасын арттыру және оқытушылардың кәсіби дамуын қолдау бағытындағы кезекті маңызды қадамы болды. Цифровой образовательный контент