ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«В093-Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!


Біздің университетіміздің командасы 2025 жылғы 22–23 мамыр аралығында Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) базасында өткен «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада 1-орынға ие болды.
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды:
- «Клиенттік тәжірибе – мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесінде ұмытылмас әсер қалдыру» тақырыбында бейнеролик/бейнепрезентация дайындау;
- «Цифрлық виртуалды қонақ үй/ресторан құру: тұжырымдамадан клиенттік тәжірибеге дейін» тақырыбында жоба жұмысы;
- капитандар байқауы «Нөмірдің қонақтарды қабылдауға дайындығын тексеру»
- «Лимонад симфониясы» байқауы – лимонад идеясын әзірлеп, оны дайындау;
- «Қонақ үйге орналастыру кезіндегі SOP стандарттары» атты интеллектуалдық викторина.
Жеңімпаз команда құрамы: Абатов Мерей (РДГБ-22-2р тобының студенті), Ахмадеева Ангелина (УРДГБ-23с тобының студенті), Касымова Лейла (РДГБ-23-2р тобының студенті).
Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ташенова Лариса Владимировна, PhD, қауымдастырылған профессор Аяганова Мира Пазылқызы.
2025–2026 оқу жылында біздің университетіміздің маркетинг кафедрасы базасында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылады.