ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

AI – SANA ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрінің бастамасымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті AI – Sana инновациялық жобасын іске асыру үшін жетекші университет болып тағайындалған.

2025 жылдың 26 қарашасынан бастап университетте Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – Проректор М.М. Умуркулованың 2025 жылдың 26 қарашасындағы №149 өкімінің негізінде Академиялық жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен AI – Sana инновациялық жобасын жандандыру мақсатында 1 курстың студенттерінің, магистранттардың және докторанттардың топ басшыларына әдістемелік түсіндірме семинары ұйымдастырылды.

Семинардың модераторы қашықтықтан білім беру орталығының басшысы Жетимекова Гаухар Женисовна және Huawei АКТ академиясының әкімшісі, PhD доктор, радиофизика және электроника кафедрасының профессоры Тусупбекова Айнур Кайыржановна 1 курстың білім алушыларының топ басшыларына егжей-тегжейлі жасанды интеллектінің базалық мүмкіндіктерін меңгеру бойынша курс оқып, сертификат алудың жолдарын түсіндірді.

Білім алушылардың тарапынан жиі қойылатын сұрақтар үшін telegram-бот қызмет етіп, мемлекеттік және орыс тілде әдістемелік нұсқаулықтар жазылып, видео материалмен қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде университеттің 1 курс білім алушылары толық сертификатпен қамтамасыз етіліп, білім алушыларымыз жасанды интелектінің мүмкіндігін тиімді пайдаланатынына сенімдіміз.