ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

EduFusion NSG жобасымен бірге жоғары білімді трансформациялаймыз!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ командасы өте нәтижелі іс-шарадан оралды! 2026 жылдың 16-19 ақпан аралығында біздің университеттің оқытушылары Д.А. Афанасьев, С.Г. Карстина, А.К. Тусупбекова «Train-the-Trainer Capacity-Building Workshop» халықаралық воркшопына қатысты. Іс-шара Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында өтті.Бұл воркшоп – төрт жылдық Erasmus+ EduFusion NSG (Edu-Fusion Network for Sustainable Growth) жобасын жүзеге асырудың маңызды кезеңі. Жоба Еуропалық Одақ тарапынан бірлесіп қаржыландырылады және жаһандық міндетті шешуге: университеттердегі оқу нәтижелерін еңбек нарығының нақты қажеттіліктерімен барынша жақындастыруға бағытталған.Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ оқытушылары – Erasmus+ EduFusion NSG жобасының мүшелері «Педагогикалық психология және коммуникация», «Оқытудың интерактивтілігін арттыру», «Жүйелі ойлау және талдау», «Инженерлік инновациялар және кәсіпкерліктегі көшбасшылық» сияқты бірнеше өзекті сессияларға қатысып, баяндама жасады. Воркшоп Қазақстанның жетекші университеттері мен еуропалық серіктестерімізді, соның ішінде Виго университеті (Испания) мен Порту политехникалық институтының (Португалия) командаларын біріктірді. Басты қорытынды – осы озық тәжірибелерді өз жоғары оқу орындарына тарататын жаңа жаттықтырушы-тәлімгерлерді (iPEERs) дайындау.Erasmus+ EduFusion NSG жобасы мен оның жұмысы туралы толығырақ www.edufusion-nsg.com ресми сайтынан біле аласыздар.