ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМ АШУР ӨЗДЕМИР БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде Түркиялық ғалым, PhD, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы Достық орденінің иегері Ашур Өздемирмен кездесу өтті.

Университет ректоры Н.О. Дулатбеков ғалыммен арнайы кездесіп, оның еңбектерін бағалап, қазақ руханиятына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кездесу кезінде түркі әлемінің мәдени байланыстары мен ортақ тарихи зерттеулерді дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Содан кейін Тарих факультетінде «Алаш айлығы» аясында Ашур Өздемирдің «Алаш қозғалысының Түркияда зерттелуі және қоғамға танылуы» атты дәрісі өтті. Ғалым Алаш мұрасының Түркиядағы ғылыми айналымға ену жолдары, бауырлас ел зерттеушілерінің көзқарасы және ортақ тарихи байланыстар жөнінде тың деректермен бөлісті.

Дәріс соңында қатысушылар – Қарағанды Медицина университетінің Күретамыр тарихи өлкетану үйірмесі, мектеп тарих пәні мұғалімдері және университет оқытушылары – өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Мұндай кездесулер жас зерттеушілерге отансүйгіштік рух сыйлап, алаш идеясын терең ұғынуға мүмкіндік береді.