ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҒЫЛЫМИ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ

Физика-техника факультетінің 10 ғалымы Қытайдың Шихэцзы университетінде «ШЫҰ елдерінің энергетикалық ынтымақтастығы бойынша жетекші кадрларды даярлау семинары» бағдарламасы аясында білім алуды бастады. Семинар 2025 жылдың 11-31 қазан аралығында өтуде. Бұл жоба — Қытай үкіметінің сыртқы көмек бағдарламасы болып табылады және оны Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі ұйымдастырып, Шихэцзы университеті жүзеге асыруда. Қытай тарапы қатысушылардың Қытайға бару және қайту әуе билеттері, тұру, тамақтану және ел ішіндегі көлік шығындарының барлығын өз мойнына алды. Семинардың басты мақсаты — Қытай мен Қазақстан арасындағы ғылыми-білім беру және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ болашақ энергетика саласына жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бұл семинар екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және ШЫҰ елдерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған.