Құрметті білім алушылар, қадірлі әріптестер!
Бізде қуанышты жаңалық! Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде Coursera халықаралық платформасына арналған жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу және жазу жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда.2024—2025 оқу жылында Қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен үш жаппай ашық онлайн-курс толық дайындалып, жазылып аяқталды.Атап айтқанда, бірінші курс — «Халықтың демографиясы және статистикасы». Курстың авторы — тарих факультетінің қауымдастырылған профессоры Қымбат Қазалиқызы Абдрахманова .Екінші курс — «Деректер базасын басқару жүйелері». Курсты математика және ақпараттық технологиялар факультетінің қауымдастырылған профессоры Сәуле Көмекқызы Жұмагұлова әзірледі.Үшінші курс — «Қазіргі постклассикалық емес философия».Бұл курстың авторы — философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры Байжол Ысқақұлы Кәріпбаев.Сонымен қатар 2026 жылға арналған жаңа жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу жұмыстары да басталып кетті.Атап айтсақ, «Физика бойынша жобалық жұмысты ұйымдастыру» курсы — физика және нанотехнология кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Карстина Светлана Геннадьевнаның авторлығымен дайындалуда.Сондай-ақ, «Бизнес коммуникациялар» жаппай ашық онлайн-курсын Экономика және халықаралық бизнес кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Азамат Алдашұлы Дүйсембаев әзірлеуде.Үшінші жоспарланған курс — Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының PhD докторы Руслан Бақытұлы Ботагариннің авторлығымен дайындалатын онлайн-курс.Бұл курстар білім алушыларға заманауи, сапалы және қолжетімді білім алуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Оқу үдерісін цифрландыру — университетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.Сондықтан сіздерді алдағы уақытта іске қосылатын жаппай ашық онлайн-курстарымызбен белсенді түрде танысып, білім көкжиегін кеңейтуге шақырамыз.