ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АҚШ ПРОФЕССОРЫНЫҢ САПАРЫ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Индиана университетінің (АҚШ) профессоры Фарида Паван келді. 28–29 қазан күндері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне ресми сапармен Индиана университетінің (Блумингтон қаласы, АҚШ, Білім беру мектебі) оқыту, дизайн және ересектерді оқыту саласындағы профессоры, жаһандық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ғылыми қызметкері, IU ASEAN Global Gateway академиялық директоры Фарида Паван келді. Делегация құрамында жоғары білім беруді басқару (Ed.D.) бағдарламасының докторанты Арман Жумажанов та болды. Сапар барысында Қарағанды университеті мен Индиана университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әсіресе шетел тілдері факультеті мен педагогикалық факультет арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне – бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық конференциялар ұйымдастыруға және ғылыми жарияланымдар дайындауға ерекше назар аударылды. Профессор Фарида Паван университеттің құрылымымен, шетел тілдері факультетінің қызметімен, оның білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларымен танысты. Сондай-ақ университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Н.О. Дулатбековпен кездесулер өткізіліп, тараптар академиялық әріптестікті дамытудың перспективаларын талқылады. Профессор Фарида Паванның сапары Қарағанды университетінің халықаралық байланыстарын нығайтуда, академиялық ұтқырлықты кеңейтуде, бірлескен жобаларды іске асыру мен жаһандық білім беру ынтымақтастығын дамытуда маңызды қадам болды.