ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ


2025 жылғы 7 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Сильван Гиоге мырза ресми сапармен келді. Делегация құрамында сондай-ақ Француз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан мырза, Қарағандыдағы Француз Альянсының директоры Екатерина Фирсова ханым және француз тілінің оқытушысы Элен Гарнье ханым болды. Кездесу барысында білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, соның ішінде қос диплом бағдарламалары талқыланды. Әсіресе, қазақстандық жоғарғы оқу орындарында француз тілін оқыту мәселесіне ерекше назар аударылды.